Bugin
Фото: freepik.com
Адамның өзін-өзі бағалауы жетістікке жетуге әсер етеді. Bugin.kz тілшісі пайдалы ақпарат ұсынады.
Өзін-өзі бағалаудың қандай пайдасы бар?
Өзін-өзі бағалайтын адам өзін алдамайды. Өзінің қабілеттері туралы шындыққа жанаспайтын идеяларды құрамайды. Өзін бағалайтын адам - армандары мен өршіл мақсаттарына сенеді. Ол адамға тұрақтылық, батылдық, еңбекқорлық қасиеттері тән.
Кейбір адамдар жұмысқа орналасу үшін көрсеткіштердің көбіне сай келмеуі мүмкін. Бірақ өзін бағалайтын адамдар жұмысқа орналаса алатынына сенімді болады. Демек біз бір нәрсеге шынымен қызығушылық танытсақ немесе бір нәрсеге құмар болсақ, оған автоматты түрде көбірек күш пен энергияны саламыз. Бұл біздің табысқа жету мүмкіндігіміздің жоғары екенін білдіреді.
Өзін бағалайтын адамның өмірі қалай өзгереді?
Өз-өзіңізді бағалауыңыз ең үлкен мақсаттарыңызға жету үшін қажет қосымша күш береді. Өзімізге сеніміміз жоғары болса, өзгелер де бізге сеніп бастайды.
Сіз өзіңізге қандай мақсат қойсаңыз да, өзіңізді саналы түрде жоғарылату сізге жаңа жолдарды ашуы мүмкін. Мысалы, егер сіз бизнес ашуды армандаған болсаңыз, оны өзіңіз жасай аласыз.
Дереккөз: "Лайфхакер" сайты