Bugin

Атырауда тағы бір ер адамның мәйіті судан табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Атырау облысында тағы бір адамның мәйіті судан табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді. 29 мамыр күні сағат 16:15-те Махамбет ауданы, Ақжайық ауылынан бес шақырым жерде құтқарушылар өзенге ағып кеткен 24 жастағы жас жігіттің денесін тапты. 

Ресми деректерде ер адамның "Манаш" шаруа қожалығынан мал бағуға кетіп, хабарсыз кеткені белгілі болды.

Атырау облысында кешеден бері үш адамның мәйіті судан табылған. Құтқарушылар суда өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтауды және тыйым салынған жерлерде суға түспеуді сұрайды.