Bugin
Фото: logos44
Алматы облысында ер адам әйел мен оның екі баласын өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген. Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сот мәліметінше, ер адам мас күйінде пышақ қолданып, бірге тұратын серіктесі мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген. Кейіннен ол қылмысын жасыру үшін үйдің есігін сыртынан құлыптаған. Бір күннен кейін сотталушы қылмыс орнына қайта келіп, жәбірленушінің 40 мың теңгесін алып, қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген.
“Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелді және оның екі баласын өлтірді, қылмысты жасыру үшін үйін қасақана өртеп жіберді және мүлікті ұрлады деген айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот сотталушыны өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген хабарламада.