Bugin
Фото: Алматы қаласының әкімдігінен
Алматылық оқушы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескені үшін Президенттен алғыс хат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
3-сынып оқушысына хатты Алматының әкімі Ерболат Досаев табыстады.
Дәулен Бауыржанұлы су тасқынынан зардап шеккендердің фотосуреттерін көргенде қатты жаны ашыған. Солайша 9 жастағы бала олимпиадаға қатысамын деп жинаған 25 мың теңгесін арнайы қорға аударыпты.
Мемлекет басшысы мектеп оқушысының игі ісін жоғары бағалап, нағыз отансүйгіштіктің үлгісі деп таныған. Осылайша кішкентай баланың бойына асыл қасиеттерді сіңіргені үшін Дәуленнің ата-анасы мен ұстаздарына алғысын білдірді.
Айта кетейік, нағыз патриот Дәулен Бауыржанұлы мектепте оқу озаты екен.