Bugin
Фото: ТЖМ
Құлсарыда су тасқынының салдарын жою кезінде тағы бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТЖМ-ға сілтеме жасап.
29 мамыр күні Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 жылы туған азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында болғаны анықталған.
"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.