Bugin

Жантүршігерлік жол апаты: мопед мінген жас жігіт жүк көлігімен соғысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Zakon.kz

Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігімен соғысып, жан тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Мопед көп тонналық жүк көлігін басып озбақ болған.

Басылым мәліметінше, Iveco жүк көлігі Мөңке би көшесінің оңтүстік жағындағы құрылыс нысанына қарай келе жатады. Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысына келгенде ол оңға бұрылған. Көлікпен қатар автобус жолағында мопед келген. Мопедті тізгіндеген жас жігіт жүк көлігін басып озбақ болады. Алайда ол көлік астына кіріп кеткен.

Мопед жүк көлігіне соғысып, мопедтің 20 жастағы жолаушысы жол жиегіне ұшып түскен. Ал рөлдегі 22 жастағы жігіт жүк көлігі дөңгелектерінің астында қалып, қайтыс болған. 

Полиция жас жігіттің денесін дөңгелектер астынан алу үшін Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.