Саясат

Түркістан облысында азаматтық альянспен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Азаматтық секторды дамыту жайы – билік пен ұйымдардың ортақ мақсаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Түркістан облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің бастамасымен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы облыстағы белсенді азаматтық сектор өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды. Күн тәртібінде заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы қоғамдық бірлестігі  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен, Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және  ішкі саясат басқармасымен өзара бірлескен жұмыс туралы  Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, жиында облыс бойынша ҮЕҰ-дың үздік тәжірибелік жобалар аясында пікір бөлісу, кеңесу мәселелері қаралды. Жиынға аудан, қаладағы  50-ге жуық ҮЕҰ өкілдері мен қоғамдық бірлестік жетекшілері қатысты.

Жиын барысында сөз алған «Түркістан облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбек аудан, қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өту жұмыстарында тиянақтылық танытуға шақырды. «Облыс бойынша қайта тіркеуден өткен ұйымдардың саны жүзден енді асты. Сондықтан да тіркелуді кешіктірмей, өткізгендеріңіз дұрыс. Ал өзекті мәселелер туындаған жағдайда әрбір қоғамдық ұйым жеке мүддесі үшін емес, мемлекет мүддесі үшін  бірлесе жұмыс атқаруы тиіс. Азаматтық секторды дамыту жайы – билік пен ұйымдардың ортақ мақсаты. Бұл салада бәріміздің бірлесе атқаратын жобаларымыз көп. Сол кезде ғана біз  құндылықтарды сақтаған, береке-бірлікте өмір сүретін егемен елдің бір бөлшегі боламыз», деді төраға.

Сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеуге уағдаласқан аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері өздерінің тиімді жұмыс жүргізу әдісі мен жаңа жобалары туралы ой қозғады.