Bugin

Қызметінен кеткен экс-министр немен айналысып жүргенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bagdatmussin

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Бағдат Мусин қазір не істеп жүргенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі оның желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"АҚШ-та жүргеніме бірнеше күн болды. Бұнда келуіме бірнеше себеп бар. Әрине, кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын)). Бұл жолы шағын топ боп келдік - сүйіктім Дина, кенже қызым Бірғаным және мен.

Біріншіден, кез келген кәсіби маман ретінде технологиялық дамудың алдыңғы қатарында болу мен үшін де маңызды. Сол себепті осы күндері Bay Area-да өтетін іс-шараларға қатысамын.

Сондай-ақ біз қызымызға оның жасөспірім өміріндегі қызықты оқиғалардың бірінде қолдау көрсетіп келдік. Кенже қызымыз мектебімен робототехника жарыстарына қатысады. Сәттілік тілеп қояйық.

Дәстүр бойынша Digital Nomads-пен (біздің аймақтың Bay area - да орналасқан IT мамандарымен) кездесіп, түрлі әлеуметтік бастамаларды талқылаймыз. Кездесу біз құрған Silkroad инновациялық хабының қабырғасында өтеді",-деп айтты.

Мусин қазір Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы. Ол осы жылдың қыркүйегінде Астанада зияткерлік спорттан (спорттық бағдарламалау) Әлем чемпионатының финалын өткізуді жоспарлаған. Сол мақсатта экс-министр ICPC басшысы Билл Поучермен және оның командасымен кездесіп, ұйымдастыру мәселелерін талқылайды. 

Ол басқа жоспарлары туралы:

"Үлкен қызым Аруға өмірінің жаңа кезеңін бастауға көмектесу үшін бірнеше оқу орындарын аралаймын. 
Сондай-ақ басқа елдерде цифрландырудың негізін қалыптастыру мәселесін талқылау үшін әртүрлі университеттердің профессорларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмын. Өйткені Қазақстанның тәжірибесін одан әрі тарату қажет. АҚШ университеттері бұған қызығушылық танытады деп ойлаймын. Сондай-ақ түрлі қорлармен, компаниялармен кездесулер өтеді. Жалпы бұл сапарға жоспар көп. Барлығын орындауға мүмкіндігінше тырысамын",-деп жазды.