Bugin

Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: olympic.kz

Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада Комитеті Olympism 365 Комисиясының мүшесі болып тағайындалды.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Olympic.kz сайттына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мырза Қазақстан ҰОК-ке ресми хат арқылы хабарлады. 

"Сізді Комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін Сізге алдын ала алғыс білдіремін", - делінген хатта. 

Olympism 365 комиссиясы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды фактор ретінде спорттың рөлін күшейту үшін жұмыс істейді. Жобаның басым бағыттары халықтың денсаулығы мен дене шынықтыру белсенділігін жақсарту, әділеттілік, қауіпсіздік және инклюзивтілік қағидаттарын нығайту, бейбітшілікті сақтау және білім беру арқылы спорттың әлеуметтік мәні мен олимпиада принциптерін көрсетеді. 

Осыған дейін Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып тағайындалған еді.