Bugin
Фото: Еуразия ұлттық университеті
Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тәжірибелі маман 22 жылдан бері аталған университеттің қабырғасында еңбек етіп келеді.
Серікзат Дүйсенғазы еңбек жолын 2002 жылы Еуразия ұлттық университетінде қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ол кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін "Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының меңгерушісі болды.
Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектертің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.
Серікзат Дүйсенғазы 2005 жылдан бері "Топжарған" жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім береді.