Bugin
Фото: ТЖМ
Түркістан облысының құтқарушылары суға батқан баланың денесін тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
2007 жылы туған бала Төлеби ауданының Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылған.
Департаментің айтуынша, өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу болды.
"ТЖМ ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды бақылауғда ұстауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді", - делінген хабарламада.