Bugin

Маңғыстауда із-түзсіз жоғалып кеткен адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Маңғыстау облысында 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкер ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Egovpress телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеграм арнасында:

“Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер марқұмның басын кесіп, жерлеген. Тағы бір күдікті қашып кеткен”,-деп жазған.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі кісі өлтіру және адам ұрлау фактісін растады.

Ведомтво:

“Адам ұрлау және өлтіру бойынша екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың біреуі ғана бұрын әскери қызметші болған (оқиға болған кезде емес). Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары мен тергеу жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”,-деп хабарлады.

Марқұм бірнеше күн жоғалып кетіп, іздеуде болған.