Bugin
Фото: Фото: Дестин Сэндлин
YouTubе блогері және аэроғарыш инженері Дестин Сэндлин күн тұтылуы кезінде жұмбақ нысанды суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Америкада 8 сәуір күні күн тұтылды. Сол сәтте 2 белгісіз нысан суретке түсіп қалды. Бұл нысандар астрономдар мен әуесқойлар арасында дау туғызды.
Дестин Сэндлин күн тұтылу кезінде Ай мен Күннің дискілерінен тез өтіп кеткен бірнеше ерекше нысандарды тапқанын SmarterEveryDay YouTube арнасында айтты.
Седлин бейнені Жердің төмен орбитасында ұшатын спутниктер түсірген деп болжады. Ол кадрларды атақты астроном Джонатан Макдауэллге көрсетті. Астроном бастапқыда кейбір жәндіктер кадрға енген деген теорияны алға тартты. Өйткені нысандар жерсеріктерді анықтау үшін тым жылдам қозғалды. Кейінірек ол айрықша өлшемдерді пайдаланып есептеулер жүргізді. Ол нысандардың жәндік емес екеніне көзі жетті.
Кейін зерттеуге Делфт технологиялық университетінің астрономы Марко Лангбрук та қосылды. Ол бұл нысандардың спутник екеніне күмән келтірді. Ол Күннің, спутниктердің орналасуынан шағылысқан жарықты көру мүмкін еместігін айтты.
Седлин бұл нысандарды анықтау үшін басқа астрономдарға хабарласты. Блогер зерттеуді әрі қарай жалғастыратынын айтты.