Bugin
Фото: freepik.com
Абай облысының 42 жастағы тұрғыны гашиш есірткі затын сақтағаны үшін сотталды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, наурыз айында Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол бойында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Абай облысының 42 жастағы тұрғынын ұстаған.
"Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан жалпы салмағы 244 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді",- делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.