Bugin

“Жылаңқы”: Той жасап елдің сынына ұшыраған экс-депутат мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

300 адамға ұлан-асыр той жасаған экс-депутат дауға ілікті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Экс-депутат Мақсат Раманқұловтың 50 жас мерейтойы желіде қызу талқыланды. Депутат қонақтарға автокөлік, пәтер, Дубай мен Италияға жолдама, IPhone маркалы телефондар сыйлаған. Желі қолданушылары бұл тойды ысырапшылдыққа балап, экс-депуттатың ақшаны қайдан алғанына шүйлікті. Осыған байланысты Мақсат Раманқұлов мәлімдеме жасады.

"Мерейтойыма қатысты ойыммен бөліскім келеді. Ең алдымен идеологиямызды өзгерту керек деп ойлаймын. Қазір адам табысты болса, демек жаман адам деп ойлайды. Ал жақсы адам болу үшін кедей және жылаңқы болып көріну керек",- дейді экс-депутат. 

Еске салайық, бұған дейін ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлаған едік.