Bugin

Ақтөбеде суға кеткен 20 жастағы жігіттің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бүгін, 30 мамырда 20 жастағы азамат суға батып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе қаласы, Қарғалы өзені Солнышко бау-бақша ұжымы аумағында 2004 жылы туылған ер адам суға батып кетті. 20 жастағы жігіт рұқсат етілмеген аймақта суға түскен.

"Жедел құтқару жасағы құтқарушылары жағадан 15 қашықтықта, 2,5 тереңдіктен аталған азаматтың  денесін шығарды",- делінген хабарламада.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.