Bugin

Бойжеткен экс-жігітінің ерсі әрекетін әшкереледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

"Көреміз" бағдарламасына 20 жастағы бойжеткен көмек сұрап келген. Қызды экс-жігіті қарызға батырып, ұрып-соққан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әсем Әсілбекова супермаркетте танысқан жігіттен қорлық көрген. Жігіт қыздың атынан несие рәсімдеп, бопсалап, ұрып-соққан. 

"Қызым өзгеріп кетті. Жылай береді. Жігіттің ұрып-соққанын сіңілімнен есіттім. Ұрғаннан кейін бұлар арыз жазған. Арыз жазғаннан кейін маған айтты. Ұзын киіп жүрді қызым. Күннің ыстығында қалың киінгеніне таң қалдық", - дейді бойжеткеннің анасы.

20 жастағы студент қыз өзіне қол жұмсамақшы болған. 

"Басында ештеңе байқамайтынмын. Кейін көзі қызарып тұрғанын байқадым. Нашақор бала екен. Ішімдік ішеді екен. Мен қорқып, үйге алып баруын өтіндім. Екеуміз сөзге келіп қалдық. Ол маған жұдырық ала жүгірді",- дейді Әсем Әсілбекова.

Бойжеткен жігіттің соққысынан кейін полицияға арыз жазған. Бірақ құзырлы орган арызды қабылдамаған.

"Біз арыз жаздық. Бізді қайтарып жіберді. "Бұл қылмыстық іске жатпайды. Азаматтық сотқа барасыңдар, бастықтар солай айтты" деді",- дейді бойжеткен.

Әсем Әсілбекова Жігер есімді азаматтың несиені жабуын, істеген ісіне заң алдында жауап беруін талап етті.