Bugin
Фото: instagram.com/baurzhan__alenov
Алматы облысында рейстік автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленовтің сөзінше, оқиға 30 мамырда "Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 222 шақырымында болған.
Алдын ала болжамға сәйкес, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Автобустағы жолаушылардың он бірі түрлі жарақат алды.
Жол апатына себепкер болған автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.