Bugin
Фото: gov.kz
Ақмолада бірнеше күн бұрын малшы жоғалып кеткен. Оның денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, малшының өліміне қатысты сараптама тағайындалған.
"Бірнеше күн бойы ер адамды полиция қызметкерлері, ТЖД және жергілікті тұрғындар іздеді. Іздеу іс-шараларын жүргізу үшін арнайы қажетті қызметтік техника бөлінді", - делінген ПД хабарламасында.