Bugin

Жазасын өтеп шыққан келіншек түрмедегі әйелдер туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Жазасын өтеп шыққан Гүлзада Сәлім түрмедегі қыз-келіншектер туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Bilgen durys YouTube арнасында Гүлзада Сәлім түрмеде көп қыз-келіншектің жазықсыз отырғаны туралы айтты. 

"Әйелді "балам үшін" деген сөз құртады. Сол арқылы ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көніп отыра береді. Бірақ бір күні таяққа шыдамай, шыдамы бітіп күйеуін өлтіруге дейін барады. Немесе қорғану үшін өлтіреді. Солай түрмеге түседі. Адам баласы үшін емес, өзі үшін өмір сүру керек",- дейді ол. 

Сонымен қатар Гүлзада Сәлім отбасыдағы ұрыс-керісті көріп өскен балалардың психологиясы қандай болатынын айтты.

"Бақытсыз әйелдің баласы бақытты болмайды. Егер әйелдің баласы ұл болса, ол отбасыдағы ұрыс-керісті көрсе, анасының шыдап жүргенін көрсе, бала бұл іс-әрекетті норма деп қабылдайды. Ол да келешекте әйелін ұрып-соғуы мүмкін. Ал қыз бала "анам шыдады, демек менде шыдауым керек" деген түсінікпен өседі",- дейді Гүлзада Сәлім.

Гүлзада Сәлім отбасыда әйел адам ерінің бабын табумен емес, өз көзқарасын дамытумен айналысу керегін ескертті.