Bugin

Экс-президентпен жүздескен кәсіпкердің жұмбақ өлімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ао

Abaibol YouTube арнасы 2014 жылы болған қанды қылмысты жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Журналист 25 мың гектар егін жерлері, 2 нан зауыты, дүкендері бар ірі кәсіпкердің өлімі туралы деректі ұсынды. Валентина Каркула өз үйінен басы жарылған, есін жоғалтқан күйде табылған. Ал жатын бөлмеден кәсіпкер Виталий Каркуланың мәйіті табылды. Виталий Каркула Республикаға танымал кәсіпкер болған. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкердің шаруа қожалығына бірнеше рет іс-сапармен барған. 

Кәсіпкердің өлімі туралы ақпарат жылдам тарады. Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық істі тез ашуды тапсырған. 

Қарақшылар үйден ештеңе ұрламаған. Тек тұрмыстық заттарды сындырып, адам өлтіріп кеткен. Полиция бұл істі "тапсырыспен адам өлтіру" деп бағалаған. 

Қанды қол қылмыскерлер Валентина Каркуланың қолын пластикалық қамытпен байлаған. Тергеушілер жақын маңдағы базарға барып, пластикалық қамыт сататын саудагерлерден сұрақ-жауап алған. Бір саудагер ер адамға пластикалық қамыттың 10 данасын сатқанын айтқан. Саудагердің айтуымен пластикалық қамыт сатып алған ер адам бейнеленеді. Ол БҚО-да ұрлықпен айналысатын 34 жастағы Азамат Тоғаев болып шыққан. 

Сонымен қатар қылмысқа қатысы бар тағы бір адам құрықталды. Ол – Кенже Біржанов. Оның көлігінен Виталий Каркуланы атып түсірген шолақ мылтық табылған. Көп өтпей ауылдан қашпақ болған Мерген Иманқұловта ұсталды. 

Анықталғандай, 3 қылмыскер қарыздарын жауып, жағдайларын жасап алу үшін осындай іске барған.  Сот шешімімен Азамат Тоғаев қылмысты ұйымдастырып, кәсіпкерді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал сыбайластары 22 жылға қамалды.