Weekend

Бараат түні жайлы бар дерек

Бұл түні қалай құлшылық қыламыз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл еш хайп емес, айтпау мен үшін айып мәселе. 

Кешелі бері әлеуметтік желі арқылы Бәрәәт түнінің артықшылығы жайлы мәлімет толастамай тарады. Жақсылықтың тарағаны жақсы әрине. Дегенмен кез келген істе тіпті жақсылықты таратудың да жолын білген абзал. Бәрәәт түні жайлы келген мәліметтерді сараптап, қарайтын болсақ, ол түн Қадір түні ме деп қаласыз. Себебі сол мәліметтегі Бәрәәт түнінің орнына "Қадір түні" деп жаза салсаңыз, жаңылмайтын секілдісіз. Елімізде ең алғаш осы түн айтыла бастағанда "100 рәкағат намаз оқу керек екен" дегенді естідік. Уақыт өте келе "Бәрәәт түнінің күндізін оразамен өткізу керек екен" дегенді естідік. Енді биылғы жаңалық: Қадір түніне тиісті барша ерекшеліктерді осы түнге тели салғандығы. Күндізін оразамен түнін таһаджудпен өткізіп жүрген шынайы мұсылман үшін барлық күндер мен түндер бірдей. Тек Рамазан айы мен Қадір түнінен басқасы. Себебі Рамазан мен Қадір түнін басқа айлар мен түндерден айырықша етіп көрсететін аяттар мен хадистер жетеді. Ал Бәрәәт түні жайлы Ибн Ражәб Ханбали: "Шағбанның ортасындағы түннің артықшылығы жайлы әртүрлі хадистер бар. Онда әртүрлі келіспеушіліктер бар. Ол хадистерді көпшілік "әлсіз" деп таныса, Ибн Хиббан кейбірін "сахих" деп айтқан", - деген. Ұзын сөздің қысқасы Бәрәәт түніні оқылатын арнайы намаз жоқ. Басқа түндері әдетте қылатын құлшылығыңызды жасасаңыз болғаны. Сондай-ақ, Бәрәәт түнінің күндізі ғана тұтылатын арнайы ораза жоқ. Сауап қаласаңыз, дәл  сол уақытқа тура келетін 13, 14, 15 тұтылатын ай ортасы оразасын ұстаңыз. Ерекше айта кететін жағдай Бәрәәт түні Қадір түні секілді таң рауандап атқанға дейін күтілмейді. Себебі оған шариғи сахих дәлел жоқ. Егер сауап тауып, Аллаһ ризалығына бөленгіңіз келсе, сүннетке сай амал етіңіз. Рамазан оразасын, ай ортасы оразасын, дүйсенбі және бейсенбі оразаларын тұтуды әдетке айналдырыңыз. Әрі бес уақыт намазды қаза қылмауға, айт намаздарын жіберіп алмауға, таһәджуд намазын әрдайым оқуға тырысыңыз. 

Аллаһ дұға-тілектеріңізді, құлшылық-ниеттеріңізді қабыл етсін!