Bugin
Фото: әлеуметтік желіден
Орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстандық боксшы 13 шілде күні IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсылас, Жаңа Зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен шаршы алаңға шығады.
"Дайындық қызу жүріп жатыр. Бұйыртса 13 шілдеде Лас-Вегаста "Qazaq style"-ды әлем тамашалайтын болады. "Qazaq style"- ды әлемге таныту жолында аянбай еңбек етеміз. Дайындығымызға қолдауын көрсетіп жатқан Кеңес Рақышев ағамызға ерекше алғыс. Бірге әлі талай белестерді бағындырамыз", - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.