Bugin
Фото: Жайық өзені. Атырау облысының жедел штабынан
Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша 31 мамыр 08:00-дегі мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Индербор ауылында су кешегіден 6 см-ге төмендеді. Шекті деңгейі – 845 см болса, қазір су деңгейі – 948 см. Махамбет ауылында су деңгейі 2 см төмендеді. Судың шекті деңгейі – 850 см болса, қазір су деңгейі – 1014 см. Атырау қаласында су деңгейі өзгеріссіз. Шекті су деңгейі – 550 см болса, қазір су деңгейі – 600 см. Жаңаталап пен Еркінқала ауылдарында да су деңгейі өзгеріссіз.