Bugin
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар барысында Президент әуежайдың жаңа терминалын аралап көреді және басқа да бірқатар нысанға барады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ғалымдармен, бизнес өкілдерімен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізеді.