ДЕНСАУЛЫҚ

5 миллион адам қайтыс болады: Темекі туралы фактілер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

Бүгін, 31 мамыр – бүкіләлемдік темекіден бас тарту күні. Адам ағзасын улап, өмір жасын қысқартатын өнім туралы Bugin.kz тілшісі бірнеше деректерді ұсынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде 5 миллион адам шылым шегуден пайда болатын аурулардан қайтыс болады. Оны осылайша тұтына берсе, 2030 жылға қарай темекі дүние жүзінде өлімнің басты себептерінің біріне айналады.

Көптеген ел қоғамдық орындарда шылым шегуді шектеуді көздейтін азаматтардың денсаулығын қорғау бағдарламаларын әзірлеген.

“Темекі шегу” термині XVII ғасырдың аяғында ғана пайда болды.

Бүгінде әлемде 1,1 миллиардқа жуық темекі шегетін адам бар. Бір минутта 10 миллион темекі сатылып кетеді.

Темекіден келетін зиян туралы ғылыми дәлелденген фактілер:

Шылым шегу адамның өмір сүруін орта есеппен 7 жылға қысқартады.

Шылым шегетіндердің жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болу қаупі темекі тартпайтындарға қарағанда 2 есе жоғары.

Темекі шегу өкпе ауруларының, әсіресе, өкпенің қатерлі ісігінің дамуын айтарлықтай арттырады (10-30 есе).

Темекі арқылы адамның өзіне ғана емес, оның жақындарына да зиян келеді..

Дереккөз: vihyno.org