Bugin

“200 пәтер”: Тоқаев ғалымдармен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Бүгін, 31-мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент ғалымдардың елге пайлады іспен айналысуын қалайтынын айтты. Сонымен қатар ғалымдардың жағдайын жақсартуға сөз берді. 

"Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді",- деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды баспанамен қамтамасыз ету керегін де ескертті.

"Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды",- деді Президент. 

Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

t.me/aqorda_resmi