Bugin
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Жұлдыз есімді қолданушы Талдықорған қалалық балалар ауруханасындағы дәрігердің ерсі әрекеті туралы жазған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі krisp.tdk парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұлдыз кеше түнде шамамен сағат 22:00-22:30-да облыстық балалар ауруханасындағы жұмысын хирург мас хәлде істеді ме деп күдіктенген.
Ол желідегі парақшасына:
"Мен ашуланып, балама басқа хирург шақыруды талап етпегенше, басқа қызметкерлер мен ата-аналар үнсіз тұрды,-деп жазады.
Облыстық балалар ауруханасы оқиғаға түсініктеме берді. Дәрігердің кәсіби этикаға сай емес әрекеті туралы:
"Талдықорған қалалық балалар ауруханасының әкімшілігі бұл оқиға 30 мамыр күні кешкі уақытта болғанын хабарлайды. Қызметкердің мас хәлде болғаны анықталды. Ол еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан дереу шеттетілді және жұмыстан босатылды,-деп мәлімдеді.