Bugin
Фото: freepik.com
Павлодарда ер адам телефон арқылы жедел жәрдем диспетчерінің нұсқауымен әйелін босандырды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 31-мамыр, таңғы 4:00 шамасында болған. "103" қызметіне шұғыл қоңырау түскен. Ер адам 24 жастағы әйелінің толғағы басталғанын айтқан. Диспетчер жедел жәрдем бригадасын шақырып, өзі байланыста болып, болашақ әкеге телефон арқылы нұсқау беріп, не істеу керегін түсіндірген.
Жедел жәрдем келгенге дейін нәресте туылды.
"Ұл баланың салмағы үш келі, бойы – 52 сантиметр. Бала мен анасының жағдайы бірқалыпты. Олар Майқайың ауылдық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер аурухана сыртында босанудың асқынуларға әкелуі мүмкін екенін еске салады.