Bugin

Алматы облысында автобус өртеніп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысы Байсерке ауылында қоғамдық көлік өртенді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

"ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жолда көлігіңіз өртеніп бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз",- делінген хабарламада. 
 

Төтеншеліктер апат болған 101 немесе 112 телефонына хабарласуды ескертті.