Bugin
Фото: freepik.com
Алматыда 49 кәмелетке толмаған бала мерекені колонияда атап өтті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Алматыда кәмелетке толмаған сотталғандар үшін республика бойынша жалғыз колония орналасқан. Бұл Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесі.
Бұл мекемеде қазіргі уақытта онда 49 кәмелетке толмаған ұл бала өз жазасын өтеуде. Одан басқа 4 кәмелетке толмаған қыз балалар Алматы облысы Жауғашты кентіндегі №10 мекеме аумағындағы тәрбие колониясында жазасын өтейді.
"Жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың ішінен 34 жасөспірім аса ауыр қылмыс жасаған. Ең жас жаза өтеуші 15 жаста. Осыған қарамастан, олардың барлығы балалар болып қалады және 1 маусымда бүкіл елдің балалары сияқты күтеді", - деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.
Дәстүр бойынша жыл сайын колонияда балалар мерекесі салтанатты іс-шарамен атап өтіледі.