Bugin

Павлодар облысында 20 күн бұрын жоғалған теплоход капитанының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"Қазақстан Су Жолдар" РМҚК-ға тиесілі теплоходтан құлап, суға батып кеткен 59 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Шабар ауылының маңындағы Ертіс өзенінде теплоход капитаны суға батып кетті. Іздеу жұмыстары 20 күнге созылды. 

"20-күні біз денені Аққулы ауылынан 60 шақырым жердегі төмен ағыстан таптық. Өзен әлі өз арнасына түспегендіктен, су лай, ештеңе дұрыс көрінбеді. Біздің сүңгуірлер өмірлерін қатерге тігіп, суға сүңгіді. Судың ішінде қоқыстар көп",- деді Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қасымов.

Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнде болған.