Bugin

Шырынның ағзаға қандай пайдасы бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Адам ағзасы дәруменге бай болуы керек. Ал шырынның құрамында көптеген дәрумендер бар,- деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Шырынды таңертең аш қарынға бір стақаннан ішу керек. Кейін әрбір 2-2,5 сағат сайын бір стақаннан ішіп, екі ай ем қабылдаса болады. 

Қызанақ шырыны

Қызанақ шырынының құрамындағы антиоксиданттар тіндердің қартаюын баяулатады. А және С дәрумендеріне бай.

Мультивитамин шырыны

Бұл сусынның құрамында әр алуан жемістер болғандықтан, қыста, көктемде түрлі инфекцияларға қарсы ағзаның күресу қабілетін арттырады.

Шабдалы шырыны

Шабдалы шырынын тұрақты түрде ішетін адамның жүрек бұлшық еті нығаяды. Ас қорытуды жақсартады, қан аздығына да көмектеседі.