Bugin

Соңғы рет таксиге мінген. Абайда бойжеткен жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Облыстық ПД

Абай облысында таксиге отырған бойжеткен жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бойжеткен Семейге бара жатқан жолда такси тоқтатып, көлікке мінген.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, қыз жоғалып кеткен. Абай ауданында қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

"26 мамырда жоғалған қыз Семей қаласына аттанып кеткен, оның қайда екені белгісіз, полиция қызметкерлері оны табу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1994 жылы туған қызы Динара Ғалиқызы Досымбекованың жоғалып кеткенін хабарлады.

Белгілері: бойы 165 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі көк, шашы ашық қоңыр. Ол джинсы күрте, джинсы шалбар және ақ кроссовка киген.