Bugin
Фото: pixabay
Ер адам жүкті әйеліне оқ атып, артынша өзгелерді жарақаттаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Bild басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Германияның Хаген қаласында болған.
Ер адам өз үйінде бірнеше рет оқ атқан. Кейін көршілерінің жабық есігіне оқ жаудырыпты.
Артынша қылмыскер көлігіне отырып, үйден екі шақырым жердегі шаштаразға барған. Полицияның мәліметінше, шаштаразда тағы төрт адамға оқ атқан көрінеді.
Дәрігерлер қазір басына оқ тиген әйел адамның өмірі үшін күресіп жатыр.
Полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр. Қылмыстың себебін отбасындағы дау-дамайдан туындады деп санайды.