Bugin
Фото: Жетісу футбол командасы
Талдықорғандағы "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Д-ны 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", — деп түсініктеме берді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, аталған футбол командасы жетекшісінің ұсталу себебі айтылмады.