Bugin
Фото: depositphotos.com
Шымкент қаласында асырап алушы ата-ана балаларға зәр мен нәжіс берген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның әлеуметтің желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш қылмыс бойынша Закиева ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Бала құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Іс сотқа жіберілді. Мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
"Бұл оқиғада біраз сұмдық бар, соның бірі – үлкен баланың сөзінше, асырап алған адам балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергелуде", - деп жазды.
Наурыз айынан бастап барлық асырап алушы отбасыларға рейд жүргізілуде. Заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік органдарға, соның ішінде қамқоршылық органдарына тексеру жүргізу бойынша өзгерістер қабылданды. Бұрын қамқоршылық органдарына тұрақты тексерулер жүргізілмеген.