Bugin

Назым Қызайбай алғашқы Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Назым Қызайбай. olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды. 

Назым 50 келі салмақта шаршы алаңға шықты. Шешуші айқаста Солтүстік Корея спортшысынан басым болды. Назым Қызайбай осылайша алғашқы олимпиадасына баратын болды.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы барлық салмақта Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Қыздар құрамасында 3 салмақ дәрежесінде жолдама бар.