Bugin

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 4-6 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел күшейеді. 
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Еліміздің батысында +30+39 градусқа дейін, солтүстік-батыста +25+35 градусқа дейін, солтүстікте +23+30 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылайды. Орталықта, шығыста +25+33 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +28 + 35 градусқа дейін жылы болады.