Саясат

Жарнамадағы тіл тазалығын сақтамағандар жауапқа тартылу керек

Заң жүзінде іске асуы қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астана қаласының тұрғындар мен қонақтарына үндеу жарияланды. Үндеу мәтіні төмендегідей:

"Жарнама – қоғамның тыныс-тіршілігі мен шаһардың бет-бейнесін қалыптастыратын маңызды құрал. Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Тілдер туралы» заңының 21-бабына сәйкес сыртқы жарнама мәтіндері мемлекеттік тілде (сол немесе жоғары жағына, шрифттері бірдей), одан кейін орыс және қажет болған жағдайда өзге тілдерде жазылады. 


Дегенмен, бүгінгі таңда заңды білмеу, немқұрайлылық сияқты себептерден Елордадағы сыртқы жарнамада тіл нормаларына қатысты талаптардың сақталмауы жиі кездесуде. Осы мақсатта, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Жарнамадағы тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясын бастайды. Барша астаналықтар мен қала қонақтарын көшедегі сыртқы (көрнекі) жарнамада кездесетін кез келген қателікке бейжай қарамай, тікелей жарнама иесіне хабарласып, заң талаптары аясында орын алған кемшіліктерді жоюға шақырамыз". 

Үндеудің тек Астана қаласында ғана емес, жаппай еліміздің әр қаласы, әр аймағында жүзеге асуын қадағалау керек. Себебі Алматы қаласының өзінде көз сүрінетін аудармалар мен қате жазылған қазақ тіліндегі жарнамаларды жиі көреміз. Заңға бағынбайтын жеке кәсіпкерлердің ашқан мейрамханалары мен дүкендерінде қазақ тіліндегі атауы немесе баламасы атымен жоқ. Не орыс, не ағылшын тіпті өзге тілде де жазылып тұрады.

 

Аталған үндеудің Қазақстан республикасының әр аймағында жариялануын және заңды түрде жүзеге асуын қолдаймыз.