Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Жұлдыздардың жойылып кетуі өте өзекті мәселе. Астрономдар жұлдыздарды жойып жіберетін қара тесіктер тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.
Қара тесікке жақындаған жұлдыз бөліктерге бөлінеді. Бөліктер қара тесікті қоршап тұрады. Ол жерде электромагниттік спектрдің жолақтары сәулеленеді.
Дегенмен бұл құбылыстың қауіпті тұсы бар. Жұлдыздар әртүрлі бағыттан қауіпті қашықтықта қара тесікке жақындай алады. Бұл құбылыс жүйелікті бұзады.
Массачусетс технологиялық институтының астрономдары қара тесіктің айналу жылдамдығын өлшеу үстінде. Ол үшін қара тесіктердің массасын да білу керек.
Астрономдардың айтуынша, бұл нысан шамамен миллиард жыл бұрын пайда болған. 2020 жылы бірнеше обсерватория галактикадағы жұлдыздар толқынының бұзылуын тіркеді. 15 күннен кейін радиацияның жарылыстары байқалды. Ол дәл осы тербелмелі қара тесіктің жүйесі бұзылғаннан болуы мүмкін.
Ғалымдар қара тесікті 200 күн бойы бақылаған. Олар қара тесіктің массасын өлшей алды. Оның массасы Күннен 2,5 миллион есе үлкен болып шықты.
Астрономдар қара тесіктің эволюциясы мен өсу механизімін әлі зерттеу керегін айтты.