Bugin

Адам өлтіріп іздеуде жүрген қазақстандық Бельгиядан табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер  Бельгиядан Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 
 

Алматы қаласы криминалдық полициясының мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Жаңасібір қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіруге қатысқан.
 

"Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық Прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.