Bugin

Су тасқыны болған аймақтардағы құрылыс барысы онлайн бақыланады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы құрылыс барысын онлайн бақылау жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Баспана құрылысы жүріп жатқан Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында Sergek бейнебақылау камералары орнатылды.  

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл су тасқынан зардап шеккен елдімекендерді тез қалпына келтіруге және құрылыстың мерзімінде аяқталуына сеп болады.