Bugin
Фото: инстаграм @gulmir_ktk
Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасына жантүршігерлік ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Журналистің айтуынша, 26 жастағы келіншекті күйеуінің анасы ұрып, тепкілеген. Келіншек зорлық-зомбылыққа шыдамай өзіне қол жұмсамақшы болған. Сірке суын ішкен келіншек қазір ауруханада.
"Шаштан тартып, сүйреп, денесінен тепкілеу, көзінен ұру — ененің күнделікті сүйікті ісі. Баласы жуас болғаннан кейін, келінді мықтап ұстауға өзі кіріскен",- дейді журналист Гүлмира Әбіқай.
Келіншек 20 жасында тұрмыс құрған.