Bugin
Фото: dzen.ru
Астанада ер адам жедел жәрдем қызметкерін соққыға жықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз!
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу және бөтен мүлікті қасақана бүлдіру баптары бойынша істі қарады.
К. есімді азамат жедел жәрдем қызметкерін пышақпен қорқытып, күш көрсеткен. Айыпталушы екі бап бойынша да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Бірінші эпизод бойынша, К. мас күйінде медициналық қызмет көрсету фельдшерін пышақпен қорқытып, оған физикалық күш көрсеткен. Екінші эпизод бойынша, К. полиция басқармасының ғимаратында уақытша ұстау камерасының кезекші бөліміндегі едендегі кафельді сындырып, терезеге лақтырып, әйнекті қиратқан”, – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот отырысында К. есімді азамат өз кінәсін мойындады. Ол өз іс-әрекетінің заңсыз екенін түсініп, кешірім сұраған.
“Сот қаулысымен К. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, сот қаулысымен бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – делінген сот үкімінде.