Bugin

Қызылордада мұғалімдер жанжалы өліммен аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Freepik

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікпен марқұмның әріптесі ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

Деректі Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Қызылордада қала мектептерінің бірінде мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді.

Қайғылы оқиға 2 маусымға қараған түні болған. Онда екі азамат ерегісіп, арты төбелеске ұласқан көрінеді.

Екі адам арасындағы дауда мұғалім дене шынықтыру пәнінен беретін ұстаздың мойын тұсына пышақ сұғып алған. Салдарынан 35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды.

Полиция бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындады. 

Қазіргі таңда жанжалдасқан азаматтардың екеуі де дене шынықтыру пәні мұғалімдері екені анықталды.