Bugin
Фото: Pixabay / Andy_Bay
Ұлттық бюро сайтында жалақы көлемі бойынша деректер жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз!
2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы көлемі 364 295 теңгені құрады. Бұл - бюро сайтында көрсетілген ақпарат.
2023 жылы өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық Атырауда тіркелген. Атаулы жалақы Атырау облысында 607 635 теңгені құрайды. Одан кейін Маңғыстау облысы тұр – 535 156 теңге болса, Ұлытау облысында жалақы – 483 812 теңге.
Елдегі ең төменгі жалақы - 262 мың теңге.
"Солтүстік Қазақстан облысында – 262248 теңге, Жамбыл облысында – 269125 теңге, Жетісу облысында – 269378 теңге, Түркістан облысында – 270660 теңге", - деп көрсетілген бюро мәліметінде.