Bugin
Фото: Ксения Собчак парақшасынан
Ресейлік журналист Ксения Собчак бірнеше зорланған баланы қамқорлығына алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Тувалық мектеп оқушысын өзінен бірнеше жас үлкен балалар зорлаған.
"Тувада жоғары сынып оқушылары зорлаған баланың бүкіл отбасын Мәскеуге апардым. Бала елордадағы ең жақсы ауруханаға оңалтуға жіберілді. Мен мұны жанұя өзін жайлы сезіну үшін жарияламадым. Олар қазір қауіпсіздікте. Зорлаушылардың туыстарынан, қысымнан алшақ", - деп жазды тележүргізуші желіде.
Журналист Собчак "алдымен істе, кейін сөйле" қағидасын ұстанатынын айтты. Сол себепті бұл жұмыс туралы ашық айтпаған көрінеді.
Айта кетейік, ресейлік БАҚ өкілі әйелін азаптап өлтірген экс-министр Бишімбаевтың сот отырысына қатысқан болатын.