Bugin
Фото: pxhere.kz
Ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде найзағай мен жаңбыр жаууы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Түркістанның тау бөктеріндегі аймақта, Жамбыл облысы, Қостанай, Ақтөбе облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
Сондай-ақ Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысы, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.
Ал Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.