Bugin
Фото: scmp.com
Жаз мезгілінде бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Себебі аптап ыстық пен күн сәулесінен бетте сары не қара дақтар пайда болуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ADME агенттігіне сілтеме жасап.
Өзге де жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Сондықтан жазда бет терісіне күннен қорғайтын кремді жағу қажет. Көптеген адамдар косметикалық затты дұрыс қолданбай, нәтижесіне көңілі толмайды. Сол себепті күне қарсы кремді де дұрыс жағу маңызды.
Ең алғашқы кеңес - кремді таза бетке жағыңыз. Қолыңызға қажетті мөлшердегі кремді жағып алу керек. Содан кейін өнімді маңдайға, көз айналасына, мұрынға және иекке жағыңыз. Содан кейін бетті қатты уқаламай, массаж жасап жаққаныңыз абзал.
Екінші кеңес - күннен қорғайтын кремді жууға болмайды. Оны тек арнайы беттегі бояуды бояуды тазартқыш арнайы сұйықтықпен сүртіп, беттегі кремнен арылу керек.
Үшінші кеңес - күннен қорғайтын кремдерді дұрыс таңдау. Құрамы бойынша күннен қорғайтын кремдер минералды және химиялық болып бөлінеді. Бет терісіне ешқандай аллергия бермейтін, құрамында күмәнді заттары жоқ кремді таңдау қажет.